Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенге пышақпен тап берген: Полиция пікір білдірді

Алматыда Медеу аудандық полициясы 4 қыркүйекте кешкі уақытта «Думан-2» ықшам ауданының жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан тұрғынына тап берген ер адамды іздестіріп жатыр.

Алматыда белгісіз біреу бойжеткенге пышақпен тап берген: Полиция пікір білдірді

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Болған оқиға туралы Байтақ Тұрсынбаев есімді қолданушы Facebook желісінде жазды.

Ер адамның сөзінше, Айгерім Мақашева өзін жұмыстан үйіне әкеліп салған көліктен түсіп, подъезге қарай беттеген. Осы кезде оған белгісіз ер адам тап беріпті.

«Белгісіз біреу еш себепсіз 12 рет пышақ сұғып алды. Алдынан да, артынан да пышақ сұқты. Оның бесеуі арқасына сұғылған. Шок алған Айгерім керемет жағдайда жарасын қолымен басып, үйіне дейін жүгіріп жетіп, кіреберісте құлаған. Бүгінде ауруханада жатқан оның жағдайы тұрақталған. Алайда әлі де ауыр жағдайда жатыр. Үш рет ота жасалды», – дейді Байтақ Тұрсынбаев.

Өз сөзінде Тұрсынбаев аудандық полиция күдіктіні ұстау үшін ешқандай шара қолданбай отырғанын жазған.

Ал қалалық полиция АІІБ қызметкерлері бойжеткенге шабуыл жасаған күдіктіні іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Тіпті, арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылыпты.

«Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған шұғыл, іздестіру және тергеу амалардының кешені жүргізіліп жатыр. Жасалған шабуыл салдарынан зардап шеккен бойжеткен бір пышақ жарақатын алған. Емдеуші дәрігері рұқсат берген бойда  одан жауап алынды. Аталған факті бойынша Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – делінеді қалалық ІІБ хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған қылмыс ҚР ҚК 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) бойынша тіркелген. Алайда полицейлер аталған бап тергеу барысында анағұрлым ауыр түріне ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау