Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі ұсталды (видео)

Алматыда баланы қағып, тайып тұрған Нексия жүргізушісі қолға түсті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160518165644

Оқиға өткен жұма күні Әуезов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында орын алған болатын.

Жол-көлік оқиғасы туралы видеотіркегіштегі бейнероликті Youtube Nureke Abeno есімді қолданушы салған.

Бейнероликте баланың орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған. Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан әрі адамдардың айтқанын тыңдамастан тайып тұрды.

“Іздестіру жұмыстарының арқасында 33 жастағы ер адам ұсталды. Ол Алмалы аудандық ІІБ ҚР ӘқК 610-бабының 2-бөлімімен, 611-бабының 2-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың денсаулығына келтірілген зардапты анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.

Талқылау