Алматыда 8 жыл бойы бала сатып келген перзентхана қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жұма, 29 Қаңтар , 2016 22:53

Алматыда 30-дан аса адам бала саудасымен айналысқан деп айыпталуда. Бүгін сәбилерді тірі тауарға айналдырғандарға қатысты қылмыстық істі сот алдында тыңдау басталды. Нәрестені сатып, қыруар қаржы тауып келген перзентхана қызметкерлерімен қатар оларды сатып алушылар да сот алдында жауап беріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.  1015911210

Айта кетсек, бұл жаға ұстатар жағдай былтыр көктемде әшкереленген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, акушер-дәрігерлер бастаған қылмыстық топ 8 жыл ішінде 15 бала сатқан.

Тірі жанды тауар қылғандардың ісі ақыры сотқа жетті. Бүгін сот алдында Алматы облыстық көпсалалы ауруханасының бұрынғы қызметкерлерімен қатар сәбиді ақшаға сатып алғандар да жауап беріп жатыр. Жалпы саны 32 адам. Бүгін алдын-ала тыңдауға сотталушылардың бәрі бір-бір адвокатпен келді. Дегенмен істің өзі жабық қаралып жатыр.

“Алдын-ала сот тергеуі өтуімен осы бас сот талқылауы қай күнге тағайындалатыны шешіледі. Алдын-ала сот тергеуі жабық сот мәжілісінде қаралады. Сол себептен, журналистер сотқа жіберуге болмайды“, – дейді Алматы қаласы Кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Жеңіс Кәрібаев

Сотқа келген ақ халаттылар бет-жүздерін барынша жасырып әлек. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, бұл топ жылмысқы әрекеттерін 8 жыл бойы жалғастырыпты. Осы уақыт аралығында 15 нәресте сатылып кеткен. Әрқайсының бағасы 150 мың теңгеден 6 мың долларға дейін бағаланған. Клиенттер негізінен перзент сүюге зар болып жүрген отбасылар. Мәселен, Гүлмира Сауытова шекесі торсықтай ұлды 4 жарым мың долларға сатып алған. Өз кінәсін мойындаған әйел енді туғанындай көріп кеткен баласынан айырылып қалуы да мүмкін.

“Доллар ауыстырған кезде мен машинада отырдым. Бала алған кезде де қасында болдым.Өзім асырап жатырмын баланы, өзімнің туған баламдай болып кетті”, – дейді Гүлмира Сауытова

Перзентхана қызметкерлері негізінен некесіз босанған жас аналарды алдап, өз баласынан бас тартуға итермелеген. Бірақ сәбиінің саудаға түсетінін босанған келіншектердің ешқайсысы білмеген көрінеді. Айсара Бекжанова ақ халаттыларға алданғандардың бірі. Бауыр еті баласын дер кезінде қайтып алса да, қазір айыпталушылар қатарында.

“Қазіргі кезде баласы өзінде, бірақ баланың құжаттары басқа кісінің атына шығарып қойған.  Алдында ондай әңгіме болды дейді, бірақ мен оған келіскен жоқпын дейді. Азаматтық некедегі күйеуі де, өзі де айтады. Біз қатты алдандық дейді. Сол алданғандықтан қазір осындай жағдайға душар болдық деп айтып отыр”, – дейді айыпталушы Айсара Бекжанованың адвокаты Әбдіхайым Саматаев.

Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қозғалған. Сотқа келіп түскен тергеу құжаттарының өзі 45 томды құрайды. Айта кетсек, айыпталушылар қазір қолхатпен және мүліктерін кепілге қойып бостандықта жүр. Ал туыла салып тірі тауарға айналғандар қазір сатып алған ата-аналарының қолында. Дегенмен, олар сот шешімі бойынша балалар үйіне тапсырылуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Алған адамдарға рахмет айтсын. Оның қасында туалетке тастап кетіп жатыр ғо

  • Жұмбақ жан says:

    Далага тастап та жатыр гой оданда асырап алушыларга берсе ол кателикке жатпайды .Шетелге де берип жатыр гой неге казактар алиаска

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар