Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 10 жасар оқушыны бір көлік қағып, екіншісі басып өтті

Алматыда Honda Accord автомобилінің жүргізушісі оқушыны қағып кетті.

sbit rebenok

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы 25 ақпан, кешкі уақытта Розыбакиев-Кихтенко көшелерінің бұрышындағы жүргіншілер жолында болды. Жолды кесіп өтпек болған он жасар баланы жеңіл көлік қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, баланы алдымен Honda қаққан, соққыдан ол жолдың ернеуіне ұшып түскен. Құлап жатқан жерінен оны SsangYong маркалы екінші көлік басып өткен. Honda жүргізушісі оқиға орнында қалды.

Ал екінші көлік жүргізуші ізін суытып кетті. Қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр. Қайтыс болған баланың туыстары оның анасы он жыл бұрын көз жұмғанын және оны әкесі тәрбиелегенін жеткізді. Жақында баланың тәтесі оны асырап алмақ болған көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда полицейлерді шулатқан жүргізуші өз әрекетін түсіндірді

Дәрігерлер әлемдегі ең улы өрмекші шаққан баланы құтқарып қалды

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Талқылау