Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы қалта ұрыларының суреттерін жарияламақ

Жүзі әшкере болған сұғанақтардан өзгелер қорғанса, басқалары бұрын зәбір көргендіктерін естеріне түсіріп, шағым айта алады.Полиция бұдан былай қаладағы қалта сұғанақтарының суреттерін әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы таратпақ. Осылай істеген жағдайда мұндай әрекетке барушылардың қатары азаяды ,- деп хабарлайды қалалық ІІД.

_____________________1_534688371

Полиция подполковнигі  Жанболат Зиадин суреті жарияланған ұрыны қоғам болып ұялтса, жөнге түседі деп ойлайды.

«Бұл бастама бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылатын болады. Сұғанақтың жүзін көрген адамдар сақ жүреді әрі бұрын соңды күдігі барлар істің ашылуына көмектесе алады. Қала тұрғындары бұрын зәбір көрген адамын танып қалуы әбден мүмкін»,-дейді Жанболат Зиадин.

ІІД хабарлауынша Алматыда  қалта сұғанақтарының ең көп тараған орталығы. Қоғамдық орындарда өзгенің бағалы заты мен қаржысын қолды ететіндер көп жағдайда басқа қаладан келген жұмыссыздар екен. Жыл басынан бері арнайы шаралардың арқасында 50-ге жуық қалта ұрысы ұсталған.

 

Талқылау