Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полицейлері сауда нүктелерінде тексеріс жүргізіп, ұрланған телефондар тапты

Полицейлер Алматыдағы ЦУМ сауда орталығынан ұрланған 10 ұялы телефон тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық ІІ Д баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан азаматынан 9 ұрланған телефон алынды.

«Өзбекстан азаматы Тұрсынов Саид 1989 жылғы. Ол ұялы телефондарды жөндеуші. Ұрланған телефондар бөлшектенген күйінде жатты. Тағы бір ұрланған телефон 27 жастағы Ашир Джалиловтан табылды. Қазір екеуі де бөлімшеге жеткізілді. Тексеруден соң телефон иелері анықталады. Телефондардың қалай ұрланғаны белгілі болады. Ұсталған азаматтардың ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталады. Телефон ұрлығына қатысты тергеу жүріп жатыр», – дейді Алматы ІІД криминалды полициясының подполковнигі Есен Ысқақов.

Полицейлер 200 сауда нүктесін, 985 ұялы телефонды тексерген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау