Алматы полицейлері 9 жасар қызды қатігез анасынан құтқарып қалды

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 16:08

Алматы мектептерінің бірінде оқитын 4-сынып оқушысы өз анасынан жәбір көріп келген. 27 жастағы Т. есімді азаматша болжам бойынша көп уақыттан бері өз қызын ұрып-соғып жүріпті.

kyz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл жайлы полицейлерге көршісі хабарлады. Полицейлер аталған мекен-жайға барғанда үй құлыптаулы болды. Үй ішінде бүлдіршін қамауда болды. Баланың жағдайы мүшкіл болуы мүмкін болғандықтан, құтқару қызметкерлерінің көмегімен есікті бұзды. Шынында да қыз бала әбден соққының астына алынғаны байқалған соң, оны емханаға алып кетті. Дәрігерлер қыздың денсаулығын төнер қауіп барын айтып оны емханаға жатқызды. Оған балаларға қатал қарау салдарынан бас-сүйек ми жарақаты, бас жүйесінің соққы алуы, бет гематомасы диагнозы қойылды», – дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті ювеналды полиция қызметі бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейлә Әліпбаева.

Бүлдіршіннің анасы бірнеше ай бұрын да бала тәрбиесіне қатысты әкімшілік жауапқа тартылған.

«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Азаматша уақытша тергеу изоляторында. Сонымен қатар бұл жайлы хабарлаған көршісіне алғыс айтамыз. Қызды емханадан шығарған соң оның жағдайы қалай болатыны қарастырылады. Біз анасын ата-ана құқығынан айыруды талап етеміз», – дейді Әліпбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау тұрғыны ұлын “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтіргенін айтады

Ресейде белгісіз жомарт адам тұрғындарға конвертпен ақша таратуда

Ұлыбританияда денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді

Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камерадағыларды жеп қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар