Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде белгісіз жомарт адам тұрғындарға конвертпен ақша таратуда

Ресейде аты-жөні кім екені белгісіз меценат адам тұрғындарға ақша таратып жүр. Магнитогорск қаласының тұрғындары қаланың әр жерінен ақша салынған конверттер тауып алуда.

c3b98e555dba4409f8238fe7fac39282__1440x

Фото: Life.ru

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Адамдар аллея, аялдамаға тастап кеткен 50-ден басталып 5000 рубльге дейінгі ақшаларды тауып алған. Әрі олар ешқандайда жалған емес, шынайы банкноттар екен. Тіпті арасында 100 долларға дейінгі ақшалар да кездеседі.

Мұндай ақшалар 14 қазаннан бастап пайда болған. Белгілі болғандай жомарттығын көрсетіп жүрген жан ірі компанияда басшылық қызметте істейтін көрінеді. Тіпті бұл қайырымдылығы әзір аяқталмайды екен. Ол жаңа жылға дейін жұртты жарылқамақ.

Меценаттың айтуынша, бұл ақшалар оған оңай жолмен келіпті. Сол себепті оны өзінде сақтамай халыққа таратып жіберу керек деген шешімге келген.

Оқи отырыңыз:

Шампан және сүйісулер: Айсәуле Бақытбек түнгі клубтарда қалай көңіл көтереді? (видео)

Майғазиев: Алғаш көргенде Мәдина менімен амандаспай қоя ма деп қорықтым

Қызы Баян Мақсатқызына еліктірерліктей суретке түсуге көмектесті

Кімнің қалыңдық көйлегі әдемірек? Қазақстандық жұлдыздардың той көйлектері (фото)

Талқылау