Маңғыстау тұрғыны ұлының “бөтелке” ойынының талабын орындамағаны үшін өлтірілгенін айтады

Сейсенбі, 18 Қазан , 2016 15:30

Иса Құлтумаев Маңғыстау облысының Жетібай ауылынан Алматыға әділдік іздеп келген. Екі жыл бұрын ол сарайдан 16 жастағы ұлын асылып тұрған күйінде тауып алған. Жергілікті тергеушілер мұның өзіне қол жұмсау деп шығарып, істі тезірек жабуға тырысыпты.

f059829b9342d0e47c40453c091d4730

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Алайда, жеткіншектің жақындары мұның адам өлтіру ісі екеніне күмән келтірмейді. Тіпті, әкесі ұлының өлімінің себебін де білетін көрінеді. Оның негізгі себебі – ертеден келе жатқан «бөтелке» ойыны.

2d7b7910aeb9291cf90ea673d07f31f6

Фото: Татьяна Куан

Иса Құлтумаетың айтуынша, ауылдастары «бөтелке» ойынын ойнайды. Ойында жеңілген адам үйленуі тиіс.

«Ойыншылар дөңгелене отырып алып, бөтелкені айналдырады. Бөтелкенің басы кімге қарап тоқтаса, сол адам үйленуі керек болады. Осылай ойнап отырғанда бөтелке Исаның ұлы Абдрахманға қараған. Алайда, ол үйленуден бас тартады», – дейді баланың адвокаты Әбілғазы Нәбиев Алматыдағы пресс-конференцияда.

Исаның өзі оқиға болардан бірер уақыт бұрын балалардың келгенін, олар ұлымен «ер азаматтарша сөйлесуін» талап еткен. Алайда, әкесі оларды қуып жіберіпті. Кейіннен ұлы дүкеннен сағыс аламын деп шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Абдрахманды ауыл шетінен тапқан. Ол ағашқа асылған күйінде табылды. Оның асылған күйі жақындары мен қорғаушысыны күмәнін туғызды.

«Мен бойым 184 см болса да гараждың төбесіне жете алмадым. Тіпті тергеу мәліметтерінде келтірілген тастың үстіне шықсам да жету мүмкін болмады. Ал, Абдрахманның бойы небары 174 см», – дейді адвокаты.

Ең таңданарлығы полицейлер баланың өліміне әкесін кіналауға тырысыпты. Өйткені Иса мұсылман болғандықтан, намаз оқиды, өзі қажылыққа барған адам. Полицейлер оның қатал әке болғанын, сондықтан ұлы өзіне қол жұмсауға барғанын айтқан.

«Мен қажылықтан келген соң ұлыма намаз оқы деп айта бастадым. Алайда, мен діни көзқарастан бөлек толеранттылықты ұстанамын. Әр бала намаз оқу-оқымауын өзі шешуі керек», – дейді әкесі.

Әкесі мұндай айыптың артында тергеушілердің бірі тұрғанын айтады. Өйткені, ол өзіне күдікті балалардың бірінің ағасы. Сондықтан да ойын ойнаған балалар бұл істе тек куәгерлер ретінде қарастырылған. Істің өзі бес рет жабылыпты.

Енді қайтыс болған жігіттің туыстары ІІМ басшысынан аймаққа орталық министрлік аппаратының қызметкерлерін жіберуді, жұмбақ істі тексеріп шығуды  сұрап отыр.

Татьяна Куан

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде белгісіз жомарт адам тұрғындарға конвертпен ақша таратуда

Ұлыбританияда денесі қанға емес, суға толған нәресте дүниеге келді

Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камерадағыларды жеп қойды

Ата-анасы екі басты және төрт қолды болып туылған сәбиінен бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар