Венесуэла түрмесінде ашыққан тұтқындар камераластарын жеп қойды
Венесуэладағы Тачира қаласында орналасқан түзеу мекемесіндегі тұтқындар бүлік көтеріп, камераластарына ауыз салған.

Фото: publy.ru
Бұл туралы The Independent хабарлайды.
Оқиғаның жай-жапсарын қаза тапқан тұтқынның әкесі Хуан Карлос Эррара айтқан.
“Жалпы саны 40 шақты адам менің ұлыма және тағы екі адамға шабуылдаған. Олар үшеуінің денесін тілгілеп тастаған. Кейін сол жердегі адам жегіш Дорангель (Венесуэладағы кісі өлтіргіш) денелерді бөлшектеп жеуге берген”, – дейді ол.
Енді әкесі ұлының тым құрыса бір бөлек сүйегін табуды ойлап отыр. Ал елдегі түрмелерге жауапты министр Ирис Варела болса, аталмыш түрмеде расында екі адамның жоғалғанын, бірақ адам жеу дерегі тіркелмегенін айтуда.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды