Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы полицейдің ерлігі желі арқылы белгілі болды

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы көшелердің бірі Іле аудандық полиция басқармасының қызметкері Манас Жұмаділовтың есімімен аталды. Ол қауіпті қылмыскерді ұстау жолында өзінің өмірін құрбандыққа шалған.

20160226063029

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы облысындағы полицейдің ерлігі туралы ақпарат әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды.

Манас Жұмаділов 2000 жылдың 31 мамырында ауыр қылмыстарға барған қылмыскердің соңынан түседі. Алайда оған қылмыскер қауіпті қарумен қарсыласады. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алғанына қарамастан, ол қылмыскерді қолындағы қаруынан айырып, оны әріптестеріне табыстап үлгереді. Көз жұмғаннан соң полицей Манас Жұмаділов ерлігі үшін “Айбын” орденімен марапатталды.

Ресми деректер бойынша, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында өзінің қызметтік парызын өтеу жолында 30 полиция қызметкері көз жұмған. Олардың көбісі жоғары марапаттарға лайықты. Полицейлер өздерінің әріптестерінің ерліктері туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы алдағы уақытта да халыққа жеткізе түсуге құлықты. 20160226063051

20160226063034 20160226063040

Талқылау