Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 11:48

Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі “Сексуалды зорлыққа қарсы ұлттық қозғалыс” тобында хабарланды.

vrachi-01

Еріктілердің жазуына қарағанда, зорлық көрген әйел 28 қыркүйек күні Есік қаласындағы ауруханадан шыққан.

“Туысқандарының айтуынша, оның жағдайы әлі де ауыр. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі оның көзіне ота жасауға квота бөлді. Алайда, оның денсаулығы отаны көтеретін жағдайда емес. Оның басы мен денесіндегі ісік кеткен жоқ. Оның дене жарақаттары әлі де бар, бас ауруы басылмай отыр. Дәрігерлер бұл үш-төрт айға созылуы мүмкін екенін айтыпты. Туысқандары мұндай жағдайда оны ауруханадан шығару ерте деп санайтынын, медициналық емдеудің толық курсынан өтіп бітпеді деп санайтынын айтып отыр”, деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

Зорлық көрген әйелдің ағайын-туыстарының айтуынша, қылмыскердің әлі де қолға түспей, қамалмағаны олардың ашу-ызасын туғызған. Алматы облысы ІІД-нің хабарлауынша, күдікті анықталды. Іс қазір ҚР ҚК 120-бабының 2 бөлімі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынған.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйек күні Алматы облысының “Бәйтерек” ауылында 56 жастағы әйел зорланған болатын.

Бұл туралы зардап шеккен әйелдің туыстары әлеуметтік желіде хабарлаған. Олардың айтуынша, 56 жастағы әйел өзінің “Бәйтерек” ауылындағы үйінде аяусыз зорланған.

Оқи отырыңыздар:

Жәнібек Оспанов 4 жылдан бері өзгенің жүрегімен өмір сүруде (фото)

Бангладеште түрі 80 жастағы қарттан аумайтын сәби өмірге келді

Қапшағайда жауынгер кіші сержантпен болған жанжалдан соң көз жұмды

Украиналық журналист Ким Кардашьянға шабуыл жасады (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар