Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жергілікті меценат салып жатқан тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын

Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғындарын Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа қоныс тойының қуанышы күтіп тұр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

[ File # csp2871160, License # 2360003 ] Licensed through https://www.canstockphoto.com in accordance with the End User License Agreement (https://www.canstockphoto.com/legal.php) (c) Can Stock Photo Inc. / AlexKalina

Сурет mygazeta.com сайтынан алынды

Аудан орталығы Жансүгіров кентінде көп қабатты екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Тұрғын үйді жергілікті меценат «Туған жерге туыңды тік» қайырымдылық акциясы шеңберінде салып жатыр.

Жаңа пәтерлерге ие болатындар арасында мұғалімдер, дәрігерлер, жас мамандар да бар. Ал екі мүгедек жанның отбасыларының меншігіне баспана қайтарымсыз негізде берілмек.

Бұл жаңа тұрғын үйлердің орнында кезінде иесіз қалған бес қабатты үйлер болған. Қазірде олардан тек ригельдер мен іргетастары ғана қалған. 2014 жылдың күзінде жергілікті меценат үй іргесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастаған. Қазіргі кезде бұл жерде екі және үш қабатты үйлер тұрғызылды.

Көктемде күн жылығанда ауласының аумағын абаттандыру басталады. Абаттандыру ісі өткен жылы басталып, екі жүзге жуық қарағай, көгілдір және тянь-шань шыршалары отырғызылған, осы жұмыс биыл жалғасын табатын болады.

Талқылау