Алматы облысында қыз алып қашқан көлік адам өліміне апарған апатқа ұшырады

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 18:26

8 тамыз түнінде Алматы–Көкпек–Көктал трассасында төрт адамның өлімімен аяқталған жол-көлік апатының жай-жапсары белгілі болды. Бақилық болған төрт азамат талқаны шыққан жеңіл көлікпен қыз алып қашпақшы болған екен.

313ada91eb837d9c21c1ee632fdd950a

Фото:  today.kz

ВАЗ-2114 көлігімен қалыңдық «ұрлағандардың» келін түсіруге асыққандары соншалық, жас жігіттер жол жүру және қауіпсіздік ережелерін ұмыт қалдырған. Көлік жүргізушісі қатты жылдамдықпен жүріп, қарсы жолаққа шығып, Shaanxi-Man жүк көлігіне соқтығысқан. Жеңіл көліктің тас-талқаны шығып, көліктің тек металл бөлшектері қалған.

Төрт жігіт оқиға орнында көз жұмды. Ал ауыр халдегі 20-жасар бойжеткен Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасына жеткізілген.
Аудандық ІІД-нің болжамынша, қыз алып қашу ерікті түрде жүзеге асқан. Алайда мәселенің анық-қанығын тергеу барысында анықтау қажет. Жол сақшыларының пікірінше, жол-көлік апатының «Жигули» жүргізушісінің кесірінен болғандығында дау жоқ. Бірлік ауылы аймағындағы жол өте жақсы жағдайда жасалған, жарығы да бар. Тек дәл осы себеппен жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс арттыратын көрінеді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды

ОҚО-да қаржылық бақылау инспекциясының басшысы жол апатынан қаза болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты (фото)

Адамдарды ажал құштыра жаздаған автобус жүргізушісі апаттың қалай болғанын айтты

Қостанай облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болып, 25 адам жараланды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар