Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тойдағы краш": Бишімбаев ісінде медсарапшы болған маманның биі желіні жарды

Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген экс министрдің сотында медсарапшы болған Тахир Халимназаровтың тойдағы биі ел назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/beka_showman/

Эксперт маманның видеосын асаба Бекзат Аманқос әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видеода маман 4 сыйлық алғаны көрінеді. Оның бірі – шаш үлгісіне, кейінгісі "өмірде барына", үшіншісі – "Бишімбаев ісіне қатысты".

24 сағат өтпей жатып, видео TikTok желісінде 1 миллионға жуық қаралым жинаған.

“Тойдағы краш! Одан Бишімбаев сияқты кез келген адам қорқады. Мықты маман арамызда отыр. Аңыз адамды таныдыңыздар ма?”, – деді асабалардың бірі. 



Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкеноваға сот медициналық сараптама жасаған Тахир Халимназаров қатты танымалдыққа ие болды.

“Мен бұлай болады деп мүлдем күтпедім. Бұл – менің күнделікті жұмысым. 30 жыл бойы қаншама сот көрдім. Соншалықты қатты күрделі де сараптама емес. Бірақ қанша сот сараптамасын жасап келсем де, мұншалықты халықтың назарына ілікпегем. Осы соттан кейін, аспанға ұшып келген ғарышкердей болдым. Жұмыс барысында  тіпті осы саладан кетіп қалғым келетін бұдан да күрделі талай жағдайлар болған. Бірақ қазір қиындықтарға шыдап, өз мамандығыма адал болып қалғаныма қуанамын”, – деген еді эксперт. 

Еске салайық, Бишімбаев сотында сарапшы Салтанат Нүкенованың қандай жарақаттар алғанын айтқан еді. 

@beka_seka_showman

Бишимбаев

♬ оригинальный звук - Seka beka
Талқылау