Алматы облысында балабақша тәрбиешісі бастығының кесірінен өзіне қол жұмсамақшы болды

Алматы облысында балабақша тәрбиешісі бастығының кесірінен өз-өзіне қол жұмсағанын айтты. Екі балалы ана өлім аузынан аман қалды. Бұл туралы Еуразия арнасы хабарлады.

Оның айтуынша, меңгеруші намысына тиіп, ата-аналар алдында қорлаған. Оның сөзін көтере алмаған Айгүл Нұрбаева бір алақан дәріні жұтып қойған.

“Кабинетіне кірдім 3 ата-ана тұр екен. Оларға мен туралы жаман сөздер айтты. Олардың алдында шылым шегеді, балаларды тастап, жүре береді, ісіне жауапкершілігі жоқ деп айтты. Түсінбей қалдым”, – дейді ол.

Денсаулығына байланысты демалыстан шыққан күні меңгерушісі кабинетіне шақырып алыпөз еркімен арыз жазуын айтқан.

“Жұмысқа бардым. “Сен неменеге келдің, сені кім шақырды, кабинетімен тез кел”, деп қатты зекіп айтты. Сонда барып едім, есігін жауып алды да “безсодержание” жаз деп қағаз берді”, -дейді әйел.

Меңгеруші Балжан Еламанованың осы қызметте жүргеніне 2 ай болған. Тәрбиешінің намысына тиетінде ештеңе айтқан жоқпын, дейді ол.

“Маған дейін оның үстінен бірнеше түсініктеме жазылған. Тек қана, темекі шеккені емес, ұрып-соққан тағы басқа істегендері бар екен. Сонда да оны ешкім жұмыстан шығармаған. Өйткені оның бірнеше дипломы бар”

Балабақшада 300-ге тарта бала тәрбиеленеді. Жеке кәсіпкердің қолында болғандықтан білім бөлімі де ештеңе істей алмады.

“Облыстық ішкі істер бөлімшесінде тергеу жүріп жатыр. Кәсіпкерлік заңы бойынша біз ешқандай шара қолдана алмаймыз”, – дейді Іле аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары Гүлнәр Мақсұтова.

2 жыл қызмет атқарған Айгүл Нұрбаева меңгерушісінің үстінен арыз жазған. Қазіргі уақытта облыстық ІІД Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз:

АҚШ-та тұратын қазақ полицей Қоянбаевтың фильміне қалай тап болғанын айтты

Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Карина Абдуллинаға таңғы ас әзірлеп жүрген жалаңаш ер азамат кім?

Алуа Қонарова Жанар Дұғаловаға қатты ұқсайтын қыздан жұлдыз жасамақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар