Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуезов театрының директоры Ерлан Біләл кепілге миллионнан аса ақы төлеп шықты

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алды деп айыпталып, кепілмен босатылған, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

“2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты “Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры” РМҚК директоры Е. Біләлға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босатуды тағайындады”, — деп хабарлады баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Біләл 1 миллион 205 мың теңге кепілдеме төледі.

Соттың мәліметінше, тергеу амалдарына сәйкес Ерлан Біләл 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтарына дейін театр қойылымын бірге өткізу туралы келісім жасасқаны үшін “Сезам” қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының басшысынан 900 мың теңге алды деген күдікке ілінген.

“Бұлтартпау шарасы Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаменті тергеу тобы басшысының өтінішімен таңдалды”, — деп мәлімет берді сот.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры жаңажылдық кезеңде театр базасында балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

Ерлан Біләл кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ болатын.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.


Өздерін элита санайды: Абай Бегей қазақтілді әншілерді менсінбейтін қазақстандық әншілерді атады

 

Талқылау