Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карина Абдуллина: Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге құқым бар

Карина Абдуллина жанкүйерлерін жағажайдағы жарқын образдарымен қуантуға қауқарсыз. Қымбат демалысты оның қалтасы көтермейтін көрінеді. Қаржыдан қиналған әнші, енді демеуші іздеп жүр!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Өзінің 42-жасын Карина Абдуллинаға шағын сахна төрінде атап өтуіне тура келген. Кезінде «Мюзиколаның» дәурені жүргенімен, бұл күндері әншінің туған күнін дүркірете тойлауға шама-шарқы жетпейді.

“Қаржылай көмектесетін жан табылып жатса, Республика сарайында жеке кешімді өткізгім-ақ келеді. Демеуші іздеймін! Өз ақшамның ештеңеге жетпейтіні айдан анық. Ал, Таро карталары арқылы көп қаражат жинай алмайсың”, – дейді Карина Абдуллина.

Абдуллинаның тілге тиек еткен Таросы – арнайы балгерлік карталар. Кенеттен өзінің бойынан ерекше қасиетті байқаған бикеш, соңғы күндері көріпкелдік арқылы табыс тауып жүргеніне еш қымсынбайды.

“Маған көп адам келе бастады. Тіпті жүздеген жан, көмегіме жүгінді десем де болады. Арасында алғыс айтып жатқандары жетерлік”, – дейді Абдуллина.

Әншінің желідегі парақшасына жалаңаш ер азаматтың фотоларын ара-тұра жариялауы, жанкүйерлерін таңқалтқаны тағы бар. Абдуллина ханымға таңғы ас әзірлеп жүрген бейтаныс жігіттің кім екені, әркімге де қызық.

“Басым бос әйелмін, тұрмыста емеспін. Сондықтан не істесем де өзім білемін. Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге де құқым бар. Өмір қысқа, оны ерекше қылып сүруіміз керек”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Алуа Қонарова Жанар Дұғаловаға қатты ұқсайтын қыздан жұлдыз жасамақ

Өздерін элита санайды: Абай Бегей қазақтілді әншілерді менсінбейтін қазақстандық әншілерді атады

Астана әуежайында Ерлан Көкеевтің шағымынан кейін тексеру жүргізілуде

Ақбота Сейітмағамбет ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты

Талқылау