Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында Ерлан Көкеевтің шағымынан кейін тексеру жүргізілуде

Халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы музыкант Ерлан Көкеевтің бүлінген жүгіне қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“Астана қаласының әуежайы Bek Air әуекомпаниясында жүктің бүлінуіне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Әуежайдың кінәсі дәлелденсе, ол кешірім сұрап, кеткен шығынды өтеуге дайын”, – деп хабарланды баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, белгілі музыкант Ерлан Көкеев музыкалық аспаптары бүлініп қалғандықтан, Bek Air әуекомпаниясын сотқа беретінін айтқан еді. Айтуынша, аспаптардың құртылып қалғанын ол Алматыға келіп, жүгін алған соң білген.

Жіберіп алмаңыз:

Белгілі отандық әнші алғаш рет ана атанды

Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Дженнифер Лопес 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау