Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық шоу-бизнесте Жанар Дұғаловадан аумайтын әнші пайда болды

Әпкесінің ән әлеміндегі жетістігін қайталасын десе керек.., Қонарова болмысы Дұғаловадан айнымайтын су жаңа жобасын ұсынды. Жас қызды қол астына алған Алуа, Жанарға бәсеке болар әншіні дайындауды көздеп отыр ма? Азулы продюсер жоспарын өзі айтсын.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Аюмиді» таратып, аталмыш ұжымдағы Сандуғашты жеке әнші ретінде таныстыруды көздеген Қонарованың су жаңа жобасын, жұрт Жанарға жиі ұқсатады екен. Қыздың Дұғаловадан аумайтынын алғаш әріптестері байқаған.

“Кастингтен өткен кезде Жанар Дұғаловаға ұқсайтынын байқаған едім”, – дейді топ солисі Ақназ Сағындықова.

“Маған Жанар Дұғалова өте ұнайды негізінде… Керемет әнші, керемет актриса!” – дейді Сандуғаштың өзі.

Сондай-ақ, Қонарованың қол астындағы «Рензолық» Ержанның түр-келбетін ел әлем жұлдыздарына жиі ұқсатады. Сері жігіт инстаға бас сұға қалса, дәл осы тақырып аясындағы пікірлерден көз ашпайтын көрінеді.

 

Жіберіп алмаңыз:

RinGo тобының әншісі екінші рет әке атанды

Отандық әнші шетелдік жігіті үшін Малайзияға көшіп, опық жеп қалды

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)

Талқылау