Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен 13 жасар бала өлі күйінде табылды

Алматы облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен 13 жасар баланың мәйіті табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, ол суға батып кеткен, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен 13 жасар бала өлі күйінде табылды

2018 жылы 29 шілдеде 13 жасар Иса Бекбаев Алматы облысының Үштөбе қаласының маңындағы Қаратал өзеніне шомылуға кетіп, сол күйі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, бала табылмаған. Арада 4 ай өткенде 21 қазанда оқиға орнынан үш шақырымда орналасқан Қожбан ауылының маңындағы өзен арнасынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

«Баланың мәйітін туыстары таныды. Бастапқы нұсқа бойынша жасөспірім суға батып кеткен. Бұл туралы куәгер де айтқан болатын»,- дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың неден қайтыс болғаны сараптама нәтижесінде анықталады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау