Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Байбек зейнеткермен бет сүйісті (видео)

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек шаһарды аралап, кәсіпкерлермен және тұрғындармен тілдесті. Ол өзіне алғыс айтқан зейнеткермен бет сүйісіп сәлемдесті, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы әкімі Байбек зейнеткермен бет сүйісті (видео)

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Байбек мегаполисті абаттандыру бойынша берген тапсырмаларының қаншалықты орындалғанын тексеріп, қаланы аралады.

Қала басшысы шаһарды аралаған кезде кәсіпкерлермен жүздесіп, тұрғындармен тілдесті.

Мегаполисті аралау кезінде Бауыржан Байбек зейнеткермен бет сүйісіп сәлемдесті.

«Аман бол, айналайын. Жұмысың жемісті болсын», – деген кейуана қала әкіміне ақ тілегін жаудырды.

Өз кезегінде Бауыржан Байбек зейнеткерге ұзақ өмір тіледі.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде жаңарған даңғылдарға ағаш отырғызу, заманауи көше жиһаздарын қою басталды. Көше мен тротуарлардың жарық көздері модернизациялануда. Алынған бағаналар қалаға қосылған елді мекендерге орнатылуда.

Бұлардан өзге, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды.

Жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау