Алматы әкімдігі 21 мамырда жер мәселесі бойынша митинг өткізуге рұқсат бермеді

Дүйсенбі, 16 Мамыр , 2016 18:38

Бүгін қала әкімдігі ағымдағы жылғы 21 мамырда жер мәселесі бойынша наразылық акциясын өткізуге қатысты келіп түскен өтініштерді қарап, акцияны өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

be7c17f471df670b8b0ffc9feb807c83-big

Сурет  forbes.kz

“Соңғы уақытта жер мәселесіне байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелер белең алып отыр. Кейбір жеке тұлғалар Қазақстанда жердің шетелдіктерге сатылатындығы жайында жалған ақпарат таратып, азаматтарды арандатып, ағымдағы жылғы 21 мамырда рұқсат етілмеген наразылық акцияларына шақырып жүр”, – делінген хабарламада.

Елбасы ҚР Жер кодексіне енгізілген төрт түзетудің күшіне енуіне мораторий жариялағаны белгілі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсынымдар әзірлеу үшін жер реформасы жөніндегі Комиссия құрылды. Ол қазір жұмыс істеп жатыр.

Бүгін, Алматы қаласының әкімдігі ағымдағы жылғы 21 мамырда жер мәселесі бойынша наразылық акциясын өткізуге қатысты келіп түскен өтініштерді қарап, акцияны өткізуге рұқсат бермеді.

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов тұрғындар мен әлеуметтік желілерді қолданушыларды заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге шақырды.

“Рұқсат етілмеген наразылық акцияларын өткізуге шақырған және оған қатысқан, сонымен қатар, әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыратын белгілері бар жарияланымдарды орналастырған немесе таратқан тұлғалардың ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабы мен ҚР Қылмыстық Кодексінің 174, 274 және 400- баптары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін”, – деді Б. Асылов.

Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, 21 мамыр күні рұқсат етілмеген митингке шыққан адамдарға, полицияның шара қолданатынын ескерткен болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар