Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тау бөктеріндегі аймақта заңсыз құрылысқа қарсы күрес қалай жүргізіліп жатыр

Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында тау бөктеріндегі аймақта заңсыз құрылыс саласындағы жұмыстың аралық нәтижесі айтылды.

2022 жылдың маусым айында Алматы әкімдігі 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салды. Қала құрылысы және урбанистика басқармасы жыл басынан бері 36 нысанға - 2022 жылы, 89 нысанға - 2023, 40 нысанға - жобалау алдындағы құжаттаманы беруден бас тартты.

2023-2024 жыл аралығында Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы таулы жерде 78 жерге орналастыру жобасы бойынша жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау бойынша теріс қорытынды берді.

Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 2023 жылдан бастап биылғы жылдың бірінші тоқсанына дейін сотқа 206 талап-арыз жолданды. Соның 106-сы қанағаттандырылып, 28 нысан бұзылды.

Сонымен қатар, тау бөктерінде заңсыз құрылыстың 54 фактісі анықталды: Бостандық ауданында – 22, Медеу ауданында – 24, Наурызбайда – 8. Бұдан өзге 45 факті бойынша сотқа талап арыз берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді.

Бүгінде 5 заңсыз нысан бұзылды: "Мечта", "Алма Гарден", "Хан", "Граф" ТК және КЖД (көппәтерлі тұрғын үй) Бектембаев.

Айта кету керек, тау бөктеріндегі аймақта құрылыс мәселесі Алматы қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Талқылау