Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2, Алматы облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыда магнитудасы 2 балдық, ал Алматы облысында 3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында.

"10 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 19.56-да төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13,6. Магнитудасы – MPV 6.0. Сезілу бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл, Кеген, Райымбек аудандарында 3 балл", – делінген сейсмологтар таратқан хабарламада.

Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым екені белгілі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жер сілкіністерінен кейін бірінші қабаттағы пәтерлер мен жер үйлерге сұраныс артқаны туралы жазған едік.

Талқылау