Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласының Медеу ауданында үйлерге жақын жерге лай сырғымасы түсті

Түнде Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге көлемі 10 текше метр лай сырғымасы түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын және топырақтың батпақтануы себеп болды. 

“Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі деректері бойынша, осы учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Айта кетейік, кеше Алматыдағы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні болып, асфальттың бір бөлігін басып, кәріз желілерін бітеді. Көшкінге заңсыз құрылыс кезінде тау бөктерінің бір бөлігін ойып, жыраны жауып тастау себеп болған.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір коммуналдық қызметтер сазды лайды сорып, мұндағы жұмыстарды ретке келтіріп жатыр. Ал ауа-райы жақсарған соң жол жабыны қайта төселеді. 

Талқылау