Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең сұлу әйелдерінің бәрі осында (фото)

Жер бетінде нақты қанша ұлт бар екенін айту қиын. Әр жыл сайын ұлттарға қатысты сан өзгеріп отырғандықтан, нақты жауапты ешкім де айта алмаса керек. Тіпті көршілес Ресейдің өзінде 180-ге жуық ұлт тұрады екен.

Ресейлік фотожурналист Наталья Иванова әйелдің сұлулығы арқылы этникалық әртүрлілікті көрсетуге тырысып баққан. Натальяның басты мақсаты – аз немесе көптігіне қарамастан әр этностың өзіндік ерекшелігі, өз сұлулығы бар екенін көрсетпекші болыпты.

Қазірдің өзінде фотожурналистің базасына 57 этнос әйелі кіріпті. Әйтсе де әлі де бұл ортаға қыздардың кіруіне мүмкіндік бар. Біріншіден, шарт бойынша кемінде үш ұрпақты қамтитын қандай да бір ұлттың өкілі болуы тиіс. Екіншіден, қыздың жасы 18-30 аралығын қамтып, сырт келбеті мен суретке түсу ерекшелігі де ескеріледі.

Бенгалдықтар – әлемдегі ең көп таралған халықтардың бірі. Олардың негізгі халқы Бангладеш пен Батыс Бенгалияда тұрады.

1294

Шугнандықтар – Тәжікстан мен Ауғанстанның солтүстігін мекендейтін памир халқы.

2154

3108

890

Евреи – семиттік тегінен шыққан ежелгі Израиь жері мен Иудей патшалығын мекендеген ежелгі халық. Бұл халықтың өкілдері әлемнің әр түкпірінде тұрады. (1948 жылдан бері Израиль мемлекеті де өмір сүріп келеді)

4100

Құмық – негізінен Дағыстанда тұратын түркітілдес халық.

698

Сербтер – бұл халық өкілдері Сербия, Черногория, Босния және Герцеговина, Хорватия, Германия, Австрия және басқа да елдерде тұрады.

11116

978

1084

Лотарингтар – солтүстік-шығыс Франция мен Бельгия, Германия шекарасында өмір сүретін неміс халқы. Олар негізінен неміс диалектісімен сөйлейді. Бірақ олардың тілі бүгінде француз тіліне сіңісіп кеткен.

1295

Волоф – Батыс Африкадағы халық. Олар Сенегал, Гамбия, Мали, Мавритания, Гвиния-Бисау, Францияда күн кешіп жатыр.

1453

1359

1646

Шлех – бұл халық бербер тобына жатады.

9110

Талқылау