Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қорқынышты жер анықталды

Трансильваниядағы Хойя-Бачу орманы “Түнде ұйқы бермейтін 18 жер” тізімінде көш бастады. Бұл рейтингті 9gag.com басылымы құрастырған екен.

2003

Румыниялық орман желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған. Аталған орманға қатысты мәліметке 20 мың адам лүпіл басқан. Бұл жермен адамдардың ес-түссіз жоғалуы, бөгдеғаламшарлықтар, электрониканың істен шығуы сынды түрлі аңыздар байланыстырылған.

Тізімге Орадур-сюр-Глан атты француз елді мекені кірген. Ол 1944 жылы 642 тұрғынымен бірге немістердің қолымен жойылған еді. Қазір ол жерге руиндер дәл осылай аталатын коммуна салған.

Бұл тізімде ирландиялық Лип сарайы бар. Аталған сарайдың иелері О’Кэрроллдер өзге елдердің адамдарын татуласуға шақырып, артынша оларды тамақ ішіп немесе төсекте ұйықтап жатқан жерлерінде өлтіретін болған. Рейтингке Үндістандағы Ятинга қаласы да енді. Аталған қалада қыркүйек-қазан айларында мыңдаған құс өзін өзі өлтіреді. Қытайдағы Диснейленд, АҚШ-тағы Цинциннати метросы, “Тозақ қақпасы” деп аталатын Түрікменстандағы кратер де бар.


Жіберіп алмаңыз:

Индонезиялық өзінің 146-ші туған күнін атап өтті

Әлемдегі ең улы жылан шаққан бала тірі қалды

6 қыздың суреті ғаламтор қолданушыларын тұйыққа тіреді

Тест: Қаншалықты бұзылған адамсыз?

Талқылау