Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем елдеріндегі қалыңдықтың ерекше той көйлектері (фото)

Үйленіп, отбасын құру кез келген адам үшін маңызды қадам. Ал, той кезінде қалыңдық ең әуелі той көйлегіне ерекше мән береді. Көптеген елде қалыңдық ақ көйлек емес, өздерінің салт-дәстүріне сай ұлттық киімін киеді.

weddingdresses13-800x532

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Біз әр елдің қалыңдықтары той кезінде киген ерекше әдемі көйлектермен таныстырмақпыз.

Безымянный

Болгария (© Stoyan Nenov)

Болгар қалыңдығы ұлттық той көйлегімен

й

Түркия (© Umit Bektas)

Түрік қызы өз үйінен ұзатылғанда ағасы не әкесі оның беліне қызыл шүберек байлап қояды. Ол сәттілік пен бақыттың, әрі пәктіктің белгісіндей.

ц

Шри-Ланка (© Dinuka Liyanawatte)

Шри-Ланкада қалыңдықтың той көйлегі шығыстың да, батыстың да салтына жақын келеді. Олар кең етек жібек сари мен европалық үлгідегі фата киеді. Ал, безендіру тастары тақ санымен сәйкес келуі керек. Өйткені оларда тақ сан сәтті сан ретінде саналады.

инд

Индонезия (© Beawiharta)

Индониезиялық қалыңдықтар әр түрлі той көйлегін киіп жатады. Әдетте олар кестелері көп ашық түсті көйлектер киеді екен.

е

Пәкістан (© Akhtar Soomro)

Пәкістан қыздарының той көйлегі қанық қызыл, ал қызыл және күлгін түсті болып келеді. Күйеу жігіт пен қалыңдық бастарына бисер мен мақтадан тігілген дәстүрлі салпыншақтар киеді.

индия

Үндістан (© Anindito Mukherjee)

Үндістанда қалыңдықтар дәстүрлі қызыл көйлек киіп, Солах Шрингар салтымен 16 әшекей тағады.

нубия

Нубия (© Noor Khamis)

Нубияда қалыңдық басына гүлді орамал мен ақ фата тағады.

эритре

Эритрея (© Finbarr O’Reilly)

Эритрея қалыңдықтары қою бархаттан тәж киіп, сары түсті кестелермен безендірілген той көйлегін киеді. Қалыңдықтың киімі мен күйеу жігіттің киімдері ұқсас болады.

тув

Тува, Ресей (© Ilya Naymushin)

Тува елінің ұлттық костюмы көшпенді халықтың өмірінен сыр шертеді. Бұл костюммен ат үстінде де кедергісіз отыруға болады. Олардың ұлттық киімі ашық түсті әрі қымбат кестелі болып келеді.

ти

Тибет (© Damir Sagolj)

Тибеттік күйеужігіт тойдан бұрын қалыңдығына той көйлегі мен әшекей заттарын алып береді. Тіпті, бас киімі, күміс тиындар мен Будда түріндегі ескерткіштерін де сыйлап жатады.

палестина

Палестина (© Mohammed Salem)

Палестиналық қалыңдықтар кең етек көйлек киеді, одан бөлек қалыңдықтың анасы өзі тігіп берген тағы бір көйлегі болу керек.

перу

Перу (© Lucero Del Castillo)

Перу астанасы Лимада қалыңдықтар қызыл қара түсті кестелі көйлек киеді.

weddingdresses13-800x532

Иордания (© Ali Jarekji)

Батыс мәдениеті Иорданияға да жетіп үлгерген. Ол жақта қалыңдықтар ақ көйлек киіп, алтын не күмістен әшекей бұйымдар тағады. Басына жасыл түсті жібек мата жамылады.

мали

Мали (© Juan Medina)

Малиде қалыңдық пен күйеужігіт кафтан деп аталатын костюм киеді. Олар әдетте ақ түсті не күлгін түсті болып келеді.

корей

Корей

Мыңжылдықтан бері Корей халқының қалыңдықтары ханбок деп аталатын дәстүрлі костюм киеді.

жапон

Жапония

Жапон қалыңдықтары кимоно мен жібек матадан арнайы tsunokakushi бас киімін киеді. Ол қалыңдықтың қызғаншақ болмай, күйеуін тыңдайтын әйел болады дегенді білдіреді.

нигер

Нигерия (© Akintunde Akinleye)

Нигерия қалыңдықтары ашық түсті, кестелі кафтандар киеді. Олар әдетте үнді маталарынан тігіледі.

шешен

Шешенстан (© Musa Sadulayev)

Шешенстанда қалыңдықтың көйлегін алқа мен белдігі безендіре түседі. Олар орамал тағып, сымбатын жабуға тырысады.

ира

Ирак (© Bakr al-Azzawi)

Ирак қалыңдықтары той кезінде кемпірқосақ текті әр түсті 7 көйлек киюімен ерекшеленеді. Оның қызыл түсі махаббат пен романтикадан хабар береді.

ита

Италия (© reuters)

Италия қалыңдығы әдетте жасыл түсті көйлек киіп жатады. Жасыл түс олардың сенімінде сәттілік есебінде саналады. Алайда, ақ түсті көйлек киіп жататындары да бар.

Талқылау