Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбенің миллиардер депутаты сотталды

Енді облыстық мәслихаттың экс-депутаты Мейіржан Өндіргенов 4 жылын түрмеде өткізетін болады, – деп хабарлайды ктк арнасы.

5234be784600d40bc20054ef2cfc374a_crop_l_2_t_79_w_716_h_403_resize_w_1140_h_696

Алғашқыда Ақтөбедегі автопарктің қожайынына «ұйымдасқан қылмыстық топ құрып», әріптесінің «бизнесін бопсалады» деген айып тағылған еді. Бірақ сот мұны жоққа шығарып ақтап алды. Ал алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырып қана қоймай, мемлекетке келтірген 900 миллион теңгеден астам шығынды өндіреді. Өйткені бес жыл бойы зейнеткерлер мен мүгедектерді өзіне тиесілі «Автопарк» арқылы ақысыз тасымалдағаны үшін заңсыз субсидия алып келіпті. Енді бұл ақшаны бизнесменнің үйінен тәркелінген 3 миллион доллар мен екі миллиондай еуродан шегеретін болады. Ал сыбайласы деп танылған «Автопарк» директоры Ербол Әділге сот үш жылға үкім кесті.

«Мейіржан Өндіргенов 4 жылға бас бостандығынан айрылып, дүние-мүлкі тәркіленсін. Ербол Әділ 3 жылға бас бостандығынан айрылып, оның да дүние-мүлкі тәркіленсін. Тергеу кезінде бұғатталған жылжымайтын  мүліктердің бірқатары босатылсын», – дейді судья Ахметқали Молдағалиев.

Талқылау