Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбені қанға бояған террористердің ісі сотқа жіберілді

Ақтөбеде маусым айында болған лаңкестік оқиғаға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа тапсырылды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

орпав

Енді заң алдында 29 адам жауап беретін болады. Араларында сойқан салған 9 содыр бар. Прокурорлар атышулы оқиғаға қатысты екі жүзден астам сапартама жүргізген. Қазіргі күні тағылған айыптарды сот алдында дәлелдеп шығуға айғағымыз әзір деп отыр.

Бір апта бойы қашып жүрген лаңкестерді жалдамалы пәтерде жасырған екі жігіт те жазасыз қалмайды деп сендірді олар. Сондай-ақ, Сириядағы имамдарының уағызына ермей, шабуылға шығудан бас тартқан 18 ақтөбелік те қазір қамауда отыр. Оларға қылмыс туралы алдын ала хабарламағаны үшін айып тағылды. Айта кетелік, содырлар төрт ай бұрын қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, 7 адам оққа ұшқан болатын.

30 адам жарақат алды. Ал жат ағымның жетегінде кеткен 18 содырдың көзі жойылды. Лаңкестерге қатысты алғашқы сот отырысының қай күні басталатыны әзір белгіленген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Сот Атырау облысы тұрғынының балаларын намаз оқуға мәжбүрлеуіне тыйым салды

Ақтөбені қанға бояған террористердің ісі сотқа жіберілді

Алматыда қыз жүкті екенін жігітінің көлігіне жазып кеткен (фото)

Ақтөбе облысында әскерде аяусыз соққыға жығылған жігітті әке-шешесі үйінде кісендеп ұстап отыр (фото)

Талқылау