Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер атып өлтірген азамат енесін пышақтап тастаған

Ақтөбеде тіс емханасының қызметкерін бес сағат бойы кепілде ұстаған жігітті тәртіп сақшылары атып өлтірді. Абылай Тілеуов есімді азамат райынан қайтармақ болғандардың ешбіріне көнбей қойған, – деп хабарлайды КТК арнасы.

aktobe1

Полицияның мәліметінше, 24 жастағы жігіт бір апта бұрын ажырасқан келіншегінен кек алмақ болған екен. Сөйтіп, алдымен жарын қайын жұртына іздеп барып, таба алмаған соң енесін пышақтап тастапты. Артынша әйелінің жұмыс орнына келіп, сондағыларды да суық қарумен қорқытқан.

Ақтөбедегі «Батыс-2» ықшамауданының аумағын тәртіп сақшылары түнімен торуылдаумен болды. Пышақ ұстаған 24 жастағы жігіт осындағы тіс емханасына баса-көктеп кіріп, қызметкерлерін кепілге алмақшы болған екен. Тек стоматологтар қашып құтылғанымен, әкімшісі шыға алмай қалыпты.

Кетіп қалған келіншегіне кектенген Абылай Төлеуов есімді жігіт екен. Өзі жұмыссыз. Ол алдымен бір апта бұрын ажырасқан жарының төркініне барыпты. Қайын жұртындағылармен төбелесіп, тіпті енесін пышақтап тастаған. Кейін келіншегін жұмыс орнына іздеп барады.Ашулы жігіт сөйтіп әкімші қызды кепілге алып, бес сағат бойы пышақпен қорқытып ұстап отырған. Ең бірінші оны сол маңдағы киім сататын дүкен қожайыны сабырға шақырмақ болыпты. Кейін тәртіп сақшыларымен қоса күдіктінің туыстары да Абылайды райынан қайтаруға тырысқан.

“Өміріне нақты қауіп төнген азаматты босату туралы келіссөздер жүргізілді. Алайда, қылмыскер заң талаптарын орындаудан бас тартты. Оқиға орнына жеткізілген туыстарының да  өтініштеріне құлақ аспады. Қылмыскер бар мақсаты бұрынғы әйелін өлтіру екенін, оны алдын ала жоспарлағанын айтты”, – дейді Ақтөбе облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров.

Айтқанға көнбеген жігітті тәртіп сақшылары ақыры атып өлтірді. Ал кепілде болған емхана қызметкері қатты шошынып қалғаны болмаса, дін аман. Сондай-ақ, күдіктінің жарақат алған енесі қазір үйінде ем алып жатыр. Кетіп қалған келіншегінен кек аламын деп қаза тапқан жігіт былтыр ғана істі болған екен. Яғни, ұрлық үшін сотталып шыққан.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылорда облысы топан судың астында қалуы мүмкін

Тараздағы алапат өрт 30-ға жуық адамның өмірін жалмай жаздады

Өскеменде жүргізуші көлігімен бірге өзенге құлап кетті (фото)

Ақтауда той кортежінде отырған жас жұбайлар терезеден оқ жаудырды (видео)

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Талқылау