Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қанды қырғынды ұйымдастырғандар террорлық шабуылды неліктен жасағандарын түсіндірді

Ақтөбедегі қанды қырғынды жасаушылар терактінің жасалу мақсатын түсіндірді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

э777

Мамандандырылған ауданаралық сот Әбдірахмановқа және басқа да терроризм дерегіне қатысты қылмыстық істі қарауды жалғастырып жатыр. Сот 60-тан астам зардап шегуші мен 40 куәгерден сұрау алған.

“Сот барысында айыпталушылар террорлық топқа қатыстары бар екеніне қарамастан, өздерін адам өліміне қатысы жоқ деп санайды. Олардың айтуынша, оларды Таңатаров мен Айтуған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мұсылман ағайындар мен діни сенімдегі қыздарға тиісіп жатыр деп, тәртіп сақшыларын күйретіп салуға шақырыпты. Террорлық актіге қатысушылардың бірі “бәрі тез әрі күтпеген жерден болды” деп айтты”, – делінген соттың баспасөз хабарламасында.

“Сотта айыпталушы Ердауовтың (қылмысты жасырған) қорғаушысы қосымша куәгерлер сұрауы негізінде өтініш берді. Сот оның өтінішін қанағаттандырды. Қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр”, – деп атап өтті сот.

Сотқа қатысушы куәгерлер, зардап шегушілер басқа да қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот отырысын айыпталушылар ұсталып отырған изоляторда өткізу туралы шешім қабылданған. Бұған дейін алғашқы сот отырысы кезінде қала көшелерінде күзет күшейтілгені хабарланған еді.

Еске сала кетсек, 29 адамның 9-ы террорлық актіні жасаушылар ретінде, 18-і қылмысты хабарламау және екеуі қылмысты жасыру бабы бойынша айыпталуда.

Оқи отырыңыз:

Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады

Орыс қыздарын жар еткен қазақтың біртуар қайраткерлері

Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр

Джинсы сатқан қазақстандық инженер Forbes рейтингіне енді

 

Талқылау