Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 9 баланың анасы егіз ұл мен қызды өмірге әкелді

Ақтөбеде 38 жастағы көпбалалы ана егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Дәрігерлер мұндай жайттың сирек кездесетінін айтып отыр. 9 балалы Әсем Бекмағамбетова 16 маусым күні тағы да егіз қыз бен ұлдың анасы атанды.

Сәбилер де, анасы да өзін жақсы сезінеді.

«Менің 9 балам бар. Оның екеуі ұл, жетеуі қыз. УДЗ-ге түскен кезде егіз екенін біліп, өзіміз таңғалдық. Қызымыздың аты Аиша, ұлымыздың аты Мұстафа. Екеуіне де есімді әкесі берді. Салмақтары үш келіден асады. Үнемі перинаталдық орталыққа келіп, осы жерде босанамын. Жыл өткен сайын медицина саласы дамып, жаңарып жатыр. Бәрі жақсы, өзімнің де денсаулығыма қарап, дәрігерлер көмектесіп тұрады», – деді Әсем Бекмағамбетова.

Отағасы вахталық жұмыс істейді. Әйелі балалары мен үй шаруасын қарайды. Олар ипотекалық несиеге үй алып тұрып жатыр.

«Үйде жалғыз табыс көзі бар. Ипотеканы төлеу қиын екені рас. Бір рет қайта рәсімдеп, жылын ұзартуға тура келді. Балаларымыздың үлкені университеттің ақылы бөлімінде оқиды. Екінші баламыз медицина саласын таңдағысы келеді. Ал кішкентайы 2 жарым жаста. Мен де, жолдасым да көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Балаларымыз бір-бірін қарайды, үйдің шаруашылығына көмектеседі әрі өте бауырмал»,- деді Әсем Бекмағамбетова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау