Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы бюджеттік мекемелердің көліктері газбен жүретін болады

Ақтөбе облысындағы бюджеттік мекемелердің көліктері газбен жүретін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.-деп хабарлайды Қазинформ.

актобе

«Бүгінде ең арзан газ Ақтөбе облысында. Біз алдағы жылдан бастап бірінші кезекте бюджеттік мекемелердің барлық көліктерін газбен жүруге ауыстыру шешімін жасадық. Біріншіден, бұл өз кезегінде қаржы шығыстарын екі есеге қысқартуға, екіншіден жанар-жағармайды үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді өңір әкімі.

Осы орайда  Сапарбаев бір аудан бойынша алдын ала қорытынды жасалғанын, бұл тұрғыда оңтайлы нәтиже болғанын жеткізді. «Әрбір бюджеттік ұйыммен бұл мәселе қарастырылды. Шамамен бір көлікті газға ауыстыру 130-170 мың теңгені құрайды. Егер де бүгінде бензиннің бір литрінің бағасы 120 теңгеден 139 теңгеге дейін жетсе, ал газға көшкенде оның бір литрі 23 теңгені құрайды. Осы орайда газбен жүру қаншалықты арзанға түсетінін байқауға болады», – деді әкім.

Бұл тұрғыда Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарында газ құю стансаларының құрылысы басталып отыр.

Талқылау