Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ауыл әкімі көлігімен адам соғып өлтірді

1995 жылы туылған азамат алған жарақат салдыранан көз жұмды. Оқиға кеше кешкі 9-дар шамасында болған. Кеңкияқ ауыл округтік әкімі Нұрлыбек Қалмағамбетов Лада-Приора көлігімен келе жатып, жол бойында тұрған адамдарды соғып алған,-деп хабарлайды stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

08430debcf0e14659ef9163a5f05cb53073e7e72_900

«Алған дене жарақат салдарынан бір адам көз жұмды, екіншісінің аяқтары сынып, ауруханаға жатқызылды» деп хабарлады сенімді дереккөздер.

Ауыл тұрғындарының сөзіне сүйенсек, көз жұмған жігіт ата-анасымен ауылдан ертеректе көшіп кеткен. Кеңкияқтағы мекелердің бірінде өндірістік тәжірибеден өтуге келген. Мұнда ол туыстарының үйінде жатқан екен.

Нұрлыбек Қалмағамбетовтің әкім қызметіне келгеніне жарты жылға жуықтапты. Оған дейін ол мектеп директоры болған. Отбасылы, балалары бар.

Өз кезегінде, Темір аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімі ақпарат беруден бас тартты. Темір ауданының әкімі Бауыржан Қаниев телефон арқылы оқиғаның болғанын растады.
«Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ештеңе айта алмаймын», -деді ол.

Талқылау