Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғыны “халал” белгісі бар шұжықтың құрамында доңыз еті жазылғанын көрсетті (видео)

Ақтөбелік тұрғын халал деп сатып алған шұжық құрамында доңыз еті барын айтып таңғалды.

Ол шұжықты видеоға түсіріп жариялады, деп жазады Диапазон. 

Видеодан байқағанымыздай, шұжық қаптамасында “Халал” сертификаты қойылғаны, алайда құрамында доңңыз еті бар деп көрсетілген.

“Түсінсем бұйырмасын, адал деп алғаным доңыз етінен жасалған ба? Қалай болды? “Халал” белгісін кім береді сонда? Мынау не сұмдық?”, – дейді ол.

Желі қолданушылары жауаптыларды жазалау керектігін айтып жатыр.

“Не деген сұмдық? Енді кімге сенеміз? “Халал” тағамдар да харам болып тұр ғой. Шұжықтан бас тарту керек”, – деп жазды желіде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау