Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақтөбе» футбол клубының фанаттары тұрғындардың зәресін алды

Ақтөбелік жанкүйерлер тұрғындардың зәресін алды. Олар футбол маусымының ашылуына байланысты орталық даңғыл бойында шеру ұйымдастырған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ымым

Сурет diapazon.kz

«Ақтөбе» командасының қолдаушылары кесірінен қозғалыс қиындап, көліктер ұзақ уақыт кептілесте тұрды. Онымен қоймай көшені түтіндетіп, ұрандарын айқайлап айтқан.

Жанкүйерлердің мұндай қылығынан сол маңдағы балалар тұрмақ ересек тұрғындардың өзі шошынып қалыпты. Алғашқыда олар наразылық шарасы болып жатыр деп топшылап, үйлеріне тығылған. Дегенмен, шеруді бақылауға жүзден астам тәртіп сақшысы тартылған екен.

Футбол маусымының ашылуында стадионға дейін көше бойлай жүріп өтуге жергілікті әкімдік қарсы болмапты. Айта кетелік, «Ақтөбе» клубы биылдыққа өз алаңында бірінші болып Павлодардың «Ертісін» қабылдады. Ойын 1:1 болып тең есеппен аяқталды.

Талқылау