Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық дәрігер бірге ұшып келе жатқан ұшақ жолаушысын аман алып қалды

Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері Кәмшат Шамиева бір рейспен ұшып келе жатып өзін нашар сезінген 60 жастағы жолаушыға көмек көрсетті.

1465199765

Бұл туралы Лада хабарлайды.

«Bek Air» әуекомпаниясы Астана-Ақтау рейсінің жолаушылары 4 маусым күні ұшу кезінде жолаушылардың бірі есінен танып қалғанын айтты.

«Дауыстап дәрігер керек екенін айтты. Сонда ақтаулық медбике қыз көмекке келді. Ұшқыш Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды. Барлық жолаушылардың атынан Кәмшатқа алғыс айтамыз», – дейді рейс жолаушылары.

«Жолаушының артериалды қан қысымы төмен түсіп кеткен. Оттегі жетіспеу салдарынан ол есінен танып қалды. Оған интенсивті терапия жүргіздік. Ақтөбеде оны «Жедел жәрдем» қызметкерлері алып кетті. Жолаушы Астанаға арнайы емделу үшін барған екен. Маусым айының аяғында оның жүрегіне ота жасамақ. Емделу курсынан соң мен оған Ақтауға ұшақпен емес, пойызбен қайтуға кеңес бердім», – дейді дәрігер.

Кәмшат Шамиева – Маңғыстау облыстық емханасының дәрігер ультрасонологы. Бұған дейін ол балалар емханасында реаниматолог болып қызмет еткен екен.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда ер адам бүйрегін беріп қызын аман алып қалды

Шымкентте дәрігерлер 103 жастағы әжейді аман алып қалды

Талқылау