Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық ер азамат полицейді тістеп, погондарын жұлып алған

Ақтаудағы полиция бөлімінде ер азамат тәртіп сақшысына қарсылық танытып, оның қолын тістеп, погондарын жұлып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап. 

полиция

Жергілікті тұрғын әйелінің шағымы бойынша аудандық полиция бөліміне жеткізіліпті. Қазіргі таңда ер адамның әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амадары жүргізілуде. 

Өз кезегінде полиция өкілдері тұрғындарға ескерту жасады. 

"Құрметті азаматтар! Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін орындауға қарсылық көрсеткен тұрғындарға жауапкершілік қарастырылғанын атап өткіміз келеді. Мемлекеттік қызметкерге тіл тигізгені және билік өкіліне күш қолданғаны үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 378 және 380-баптарында қарастырылған", – деді ПД өкілдері. 


Ақтауда полицейлердің әйелдермен жаға жыртысы видеоға түсіп қалды

Талқылау