Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бір табын жылқыны аштан қатырып, әлсіреп өлгендерінің етін сатып жатыр (видео)

Ақтау тұрғыны өндірістік зоналардың бірінде болған бір табын жылқыға жасалған әрекет туралы ашына айтып берді.

апап

Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.

Жүзге жуық жылқы Ақтаудағы өндірістік аумақтардың бірінде ұсталады. Қалалықтардың айтуынша, жылқыларға бірнеше күннен бері еш азық берілмеген.

Өндірістік зонада орналасқан кәсіпорын жұмысшысының сөзінше, ондаған жылқының жағдайы тіпті нашар көрінеді.

“Жылқылардың түрлері кетіп қалған. Оларды ашық аспан астында ұстап отыр, азықтандырмайды. Ақырында олар өз дәреттерін талғажау етеді. Ал олардың біреуі өлген кезде, дереу сойып, ет қылып сатады”, – дейді куәгерлер.

Оқиға орынына барған журналистер жылқылардың ілбіп басып, тіршілік қуатынан ажырап қалғанын анық байқаған. Алайда “ферма” басшыларының айтуынша, бұл қате пікір екен. Жылқылардың жағдайы жақсы, жарау аттай құлпырып тұр дейді ол. Дегенмен олар журналистерді кіргізуге рұқсат етпей, қажетті құжаттарын да көрсетуден бас тартты.

Оқи отырыңыз:

Алаяқтар қазақстандық танымал адамдардың аккаунттарын жаппай бұзып жатыр

Қазақстандықтардың телефондағы әңгімелері мен хабарламалары жазылып, сақталатын болады

Қазақстанда салафизмнен ресми бас тарту ұсынылды

Астаналық жезөкшелердің көбісі тері ауруына шалдыққан

Талқылау