Ақтауда баланы құтқарған үш полицей марапатталады

Бейсенбі, 18 Тамыз , 2016 17:08

Ақтауда қайырымдылығы, табандылығы үшін полиция мектебінің түлектері, үш полицей – Елеген Мұсағалиев, Қазбек Құдайбергенов, Жақсылық Дәрібаевті марапатталады.

полицей

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Оқиға 10 тамызда Ақтау қаласының 12 шағын ауданында орын алды. 2004 жылғы Егор Николаев спорт жаттығуына асығып бара жатқанда, көлік қағып кетеді. Бала көлік астына құлағанда, жүргізуші сасқалақтап тоқтаудың орнына орнына газға басып, баланы тағы да төрт метр жерге сүйреген. Маңайда көлік көп болғанымен тек бір ғана машинадағылар көмекке жүгірген. Бұл жас полицейлер болатын.

«Үш полицей жүргіншілерді көмек келіп, маңайдағыларды да шақырып, көлік астында қалған баланы алып шыққан. Содан соң жедел жәрдемнің келуін күтпей, оны ауруханаға жеткізіп салған. Баланы жансақтау бөліміне алып кеткенше қасында болған», – дейді Николаевтар отбасы.

полицей1

Николаевтар мен Королевтар отбасы облыстық ІІД-нің басшылығына алғыс хат жазды. Соның негізінде басшылық оларды ынталандыру жөнінде шешім қабылдады.

«Алғыс хат беру туралы бұйрыққа қол қойылды. Ертең сағат 19.00-де марапатталады», – деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар