Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 20 шақты жігіт бір-біріне оқ жаудырды

Ақтауда 17 сәуір күні сағат 15.40 шамасында оқыс оқиға болды. 17-ші ықшам ауданда орналасқан “Дукат” тұрғын үй кешенінің жанында бірнеше ер адам бір-бірімен жанжалдасып қалып, соңы атысқа ұласқан.

1212

Бұл туралы lada.kz хабарласқан.

“Жастары 20-25-тегі жігіттер. Шамамен 15-20 адамдай болды-ауд еймін. Әйтеуір, бір-біріне оқ атып жатты. Гильзалары әртүрлі болғанына қарағанда, бірнеше қару түрі қолданылған сияқты”, – дейді куәгерлердің бірі.

Оқыс жағдайға куә болғандардың бірі кейбір жігіттердің көлікпен келгенін, енді біреулерінің ықшам аудан ішіне кіріп кетіп жасырынып қалғанын айтады.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орынында құқық қорғау органдарының қызметкерлері атыстың ақ-қарасын анықтап жатыр. Полиция қызметкерлері мән-жай туралы кейінірек түсініктеме бермек.

Талқылау