Ақша төлеп өтіп жатыр: Қорғас-Қытай шекарасында дау шықты

Қазақ-Қытай шекарасынан тағы да шу шықты. Бұл жолы туристік компаниялар қалтамыз қағылып жатыр деп даурығуда. Тек туристерге деп ашылған жасыл дәлізбен кез келген адам ақша төлеп, өтіп жатқан көрінеді.

Ақша төлеп өтіп жатыр: Қорғаста-қытай шекарасында дау шықты

Салдарынан еліміздің өзге өңірлері мен шет елден келген саяхатшылар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Мынау қарапайым тұрғындар өтетін орын. Дәл соның жанында туристер өтетін жасыл дәліз бар. Егер сағаттап кезекте тұрғыңыз келмесе мың теңге төлеп сол жерден өтуіңізге болады. Оған түсірілім барысында өзіміз де көз жеткіздік.

Қазақстан мен Қытай арасындағы “Қорғас” ынтымақтастық орталында ақылы қызмет ашылған. Оны жүзеге асыратын жеке коммерциялық компания Туристік агенттіктермен келісім-шарт жасасып, саяхатшыларды кедергісіз өткізуге келіскен. Алайда іс жүзінде ақшасын төлеген кез-келген адамды жасыл дәлізге кіргізе береді, дейді шағымданушылар. Біз де тексеріп көрдік.

БАҚ өкілдері келді дегенді естіген бойда есікті жауып тұрған қызметкерлер бойтасалап, қаша жөнелді. Осыдан кейін ғана бірнеше сағаттан бері кезекте тұрған жұрт алғыстарын жаудырып, ішке қарай ағылды.

Ақылы қызметтің ақсауынан туристік компаниялар шығынға белшеден батып жатқандарын айтады. Бастапқы келісім бойынша қақпадан кіргенде ғана мың теңгеден алатын еді, артынша қосымша ақы талап етуді шығарды, дейді.

“Мен 35 адам алып келетін болсам, оларды Қоймадан  кеден бекетіне дейін алып келу үшін екі автобус қажет.  Бір автобусқа кейде 10 мың кейде 15 мың теңге талап етеді. Келісім бойынша ұйымдасқан туристік топтарға автобус тегін берілуі тиіс”- дейді туристік компанияның жетекшісі Алмагүл Жылқыбаева.

Ақылы қызметті ұйымдастыруға міндетті  компания жасыл дәлізбен тек туристік компаниялар ғана өтеді деп ақталды. Алайда біздің ақша беріп өткенімізді естігенде кемшіліктерін бірден мойындады.

“Осындай жағдайдан кейін біз шара қолданатын боламыз. Біз арнайы тәжірибенден өтуге  біршама жігіттерді тартқан болатынбыз.  Енді қызметкерлер санын арттыратын боламыз.  Ақша алғандар біздің қызметкерлер болмауы мүмкін” – дейді коммерциялық компания өкілі Михрубан Асанова.

Осы оқиғадан кейін артынша халықаралық орталық президенті келеңсіздікті тез арада жоятынын жеткізді. Мұндай келеңсіздікке жол берген қызметкерлер жұмыстан қуылмақ.

“Маған қызметкелер барлық ақшаның кассаға құйылғаны туралы есеп беріп отырады.  Егер бақылаушылар мен кассирлер тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылар болса олар міндетті түрде жауапқа тартылады.  Кем дегенде жұмыстан қуылады. Қақпадан өзге тұлғаларды өткізіп қосымша ақша тапқысы келгендердің жолдары кесіледі» – дейді “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының президенті Қаһарман Жазин.

Халықаралық орталықта темірдей тәртіп орнатамын деп сендірген мекеме басшысы бір тиын да кассаны айналып өтпейді деп ант-су ішті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар