Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың 82 жастағы азаматы Қазақстан паспортымен Павлодарда еркін қыдырған

Павлодар әуежайында 82 жастағы АҚШ азаматы ұсталды. Зейнеткер қазақстандық төлқұжатпен саяхаттап жүрген болып шықты.

пасп

Сурет ztb.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Кейінірек белгілі болғандай, зейнеткер ұзақ уақыт Павлодарда тұрған. Ал 2009 жылы ол мұхит асып, Америка азаматтығын алған. Бұл кезде ол өзімен бірге қазақстандық төлқұжатты да сақтапты.

Осы құжатты пайдаланып ол Павлодардағы қызына қонақ болу үшін ұшып келген. Әйелдің қасында жастағы ұлы болған. Оның да қазақстандық төлқұжаты бар екен.

Олардың бұлайша Қазақстан төлқұжатымен ұшып келуі заңсыз болып есептеледі. Ал олар өз әрекеттерін елдегі орнатылған тәртіпті білмедік деп түсіндірген.

Ереже бұзған азаматтарға 400 мың теңге айыппұл салып, жедел түрде виза аштыруға рұқсат берген. Егер осы жағдай қайталанатын болса, онда олардың жалған құжатпен сапар шеккені үшін қылмыстық іс қозғалады.

Талқылау