АҚШ-та Наурыз мерекесі дүркіреп аталып өтті (фото)
Халықаралық түркі тілдес халықтар ұйымы Түркия мен АҚШ-та және өзге де Turksoy-ға мүше мемлекеттерде Наурыз мерекесін ұйымдастырды.
Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Түркі әлемінің 200 өнер иесі алғаш рет Түркияда бас қосып, 2016 жылдың 19 наурызында Стамбұл қаласында туындыларын көрсетті. Бұдан кейін Наурыз мерекесі Анкараның жастар саябағында, Кесиорен мен Пурсакларда өз жалғасын тапты. Түркияның көптеген мәдени ошақтарын аралап үлгерген әртістер АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына аттанды.
Фото: instagram.com/p/BDf459FCppx/
Аталған шарадан отандық әнші Жанар Дұғалова мен қобызшы Ақерке Тәжібаева бой көрсетті.
Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/
Түркі әлемінің өнер иелері қатысқан мерекелік шоу Нью-Йорк қаласынан Вашингтонға жол тартты. Turksoy ұйымының Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырып отырған концерт ағымдағы жылдың 1 сәуір күні АҚШ астанасындағы Уорнер театрында өтпек.
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/
Фото: instagram.com/nestor923/
Түркі тілдес халықтардың бұл мерекелік іс-шарасы тек көктемнің келгенін ғана сипаттап қоймай, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті жеткізеді. Бастысы әрбір ұлттың өзіндік құндылықтары бар екенін айғақтайды.
Фото: instagram.com/nestor923/
АҚШ-тың бірнеше қаласында өткізілуі жоспарланған бұл мерекеге түркі тілдес 15 мемлекеттен 200-ден астам өнер иелері қатысып жатыр. Turksoy ұйымының осы жылғы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралары Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған.
Естеріңізге сала кетсек, “Рахат Лукум” тобы экс-әншісінің Наурызды АҚШ-та ерекше қарсы алмақ болғаны туралы хабарлағанбыз.