Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Израильдің Иранның шабуылына қашан жауап беретінін болжады – БАҚ

Израиль Иранның шабуылына 15 сәуірде жауап беруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WSJ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Stmegi

Сенбіде Иран Израильге ірі шабуыл жасады. Израильдің мәліметінше, Тегеран жарылғыш заттары бар 170-тен астам ұшқышсыз ұшақ, 120-ға жуық баллистикалық зымыран және 30-ға жуық қанатты зымыран ұшырған. Оның салдары ауыр болуы мүмкін еді, бірақ дрон мен зымырандардың барлығына тойтарыс берілді.

Дегенмен АҚШ ақпарат көздерінің айтуынша, Израиль Иранға тез арада жауап беруге ниетті.

"АҚШ және Батыс шенеуніктері Израильдің Иранның шабуылдарына дүйсенбі күні жауап беруін күтеді", – деп келтіреді америкалық басылым.

Бұған дейін Израиль президенті Исаак Герцог Иранның шабуылын "соғыс жариялау" деп санауға болатынын айтқан.

Еске салсақ, Иран Израильге ұшқышсыз және баллистикалық зымырандармен соққы жасаған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы жанжалға қатысты өз ұстанымын мәлімдеді. 

Талқылау