Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы мүгедек бала әйгілі опера әншісімен бірге ән шырқамақ (видео)

Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Мәлік Ғабдуллин ауылының тумасы, 16 жастағы Рахат Есімбек сүйектің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан. Туыстары оны ажалдан арашалап қалу үшін Еуропада ота жасатуға келісім алыпты. Ал Германияда сүйекті метталлмен ауыстыру отасы жасату үшін, 110 мың еуро (42 млн теңгеден аса) ақша қажет екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақмола облысындағы мүгедек бала әйгілі опера әншісімен бірге ән шырқамақ

«Бір Аллаға сеніп отырмыз. Аяғынан тік тұрғызып, келешегі бар дегендей. Қаражатымыз жетпей жатыр. Қазіргі кезде қаражат керек болып тұр кісілерден. Көмектерін аямай берсе екен. Алладан қайтсын. Осы Рамазан айында көмектерін көрсетсе деп шын жүректен үміттенемін», – дейді Рахаттың анасы Сара Мәзбаева.

Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің опера бөлімінде оқитын Рахат бұған дейін Астанадағы онкология орталығында емделді. Оның жағдайын білу үшін, әйгілі опера әншісі Сүндет Байғожин келіп, өзінің байқаудан алған жүлдесі мен 1 миллион теңгені сыйлаған екен.

 

«Осындай жағдайға түсіп қалдым. Енді үлкен іс күтіп тұр,үлкен жол күтіп тұр. Шетелге барып емделіп, аяққа нық тұрсам ба деген сенімдемін. Сүндет ағам көмектесті рух беріп, менімен бірге ән айтасың деп айтқан. Осы үлкен сенім болып аяғымнан тік тұруға тырысамын», – дейді Рахат Есімбек.

Рахаттың сүйегін металлмен ауыстыру үшін, Германияда ота жасау қажет. Ол үшін 110 мың еуро (47 миллион теңге) көлемінде ақша керек екен. Ал қазіргі уақытта Рахаттың есепшотында 17 миллион теңге бар.

Өз кезегінде жасөспірімнің өзі оқитын колледждің студенттері көмекке келіп, Көкшетауда өнерпаздар концерт қойған. Оның басындағы қиын жағдайдан хабардар болған жерлестері көмек қолын созып, ауыл балаалры концерт қойып, қаражат жинаған.

Десе де Рахатқа Германияда ота жасап, ем алу үшін әлі де көп ақша жинау керек. Ендігі Рахат пен оның туыстарының бар үміті қайырымды жандарда.

Айта кетсек, бұған дейін бір жарым жасар Алима Көпейдің қатерлі ісікке шалдыққанын жазған едік. Сәбидің анасы отандық дәрігерлер үшін уақыт өткізіп алып, опық жегенін айтты.

Талқылау