Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында туризм басқармасының басшысы мемлекеттен 8,5 миллион теңге жымқырды деп күдіктелуде

Ақмола облыстық туризм басқармасының башысы жемқорлыққа жол берді деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақмола облысында Туризм басқармасының басшысы мемлекеттен 8,5 миллион теңге жымқырды деп күдіктелуде

Сурет: tengrinews.kz

«Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы облыстық туризм басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол 2018 жылдың қараша айында кәдесый өнімдеріне бөлінген 8,5 миллион теңгені жалған актілер арқылы қалтасына басты деп күдіктелуде» , – дейді ведомство өкілі.

Бүгінгі таңда аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау