Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында толғақ қысқан жүкті әйелдер қар құрсауында қалып қойды

Ақмола облысында құтқарушылар төрт толғатқан әйелді қар құрсауынан құтқарып, перзентханаға жеткізді деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі.

1614629

Фото: ҚР ІІМ ТЖ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

Жақсын ауданында 20 ақпан күні сағат 01.04-те Орталық аудандық аурухана медбикесінен Анжела Ю. есімді толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабарлама түскен екен, әйел боранның кесірінен шыға алмаған көрінеді.

1625037

Құтқарушылар “Бронто” арнайы көлігімен әйел адамды ауруханаға жеткізіп салды. Сол күні Целиноград ауданында республикалық маңызы бар Қабанбай батыр – Мәншүк – Оразақ автожолында Мәншік аулында толғағы келген бірнеше әйел қар құрсауында қалып қойған: 32 жастағы Асыл К., 20 жасар Аида К. Және 28 жасар Махаббат Ж. Үшеуінде құтқарушылар Астана қаласы №2 ауруханаға жеткізді.

 

Талқылау